Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 4 қарашасында 2-7 сынып оқушыларының облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі – Конкурс).
Конкурстың мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурс қатысушылары: облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 2-7 сынып оқушылары - қалалық (аудандық) кезеңнің жеңімпаздары.
Конкурс 12 бағыт бойынша өткізіледі:
-
қазақ тілі мен әдебиеті;
-
орыс тілі мен әдебиеті;
-
ағылшын тілі;
-
математика, қолданбалы математика;
-
физика, космос;
-
туризм және спорт;
-
тарих, өлкетану;
-
этномәдениеттану;
-
химия, биология;
-
медицина, психология, экология;
-
информатика, робототехника, STEM инженерия;
-
технология және өнер.
Конкурс Өскемен қаласының «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында өткізіледі.
Облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, ғылым кандидаттары, доценттері мен оқытушыларынан құралған білікті қазылар алқасы, қатысушылардың жобаларын бағалайды және Конкурс жеңімпаздарын анықтайды.
Конкурс нәтижелері www.shygysdaryn.kz сайтында орналастырылатын болады
Бұқаралық ақпарат құралдарын 2022 жылы 4 қарашасында сағат 09.00-ден 16.30-ға дейін шараға қатысуға Өтепова 22/1, көшесінде орналасқан Нұрорда мектеп-лицейіне шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44, e-mail: priеmnaya@shygysdaryn.kz хабарласуға болады.