+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық турнирінде Шығыс Қазақстан облысының жас спортшыларының жеңісі
28 Қаз, 17:55

2022 жылғы 24-28 қазан аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» республикалық турнирі өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағы үшін 2012 жылы туған және одан кіші оқушылардың 6 командасы бақ сынасты.

Шығыс Қазақстан облысының атынан 2012, 2013 және 2014 жылы туған «Торпедо» командалары қатысты.

 Жарыс қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте Республиканың ең мықты балалар мен жасөспірімдер командалары анықталды:

І орын - «Торпедо – 2012-1», Шығыс Қазақстан облысы;

ІІ орын - «Стрижи», Алматы қ.;

ІІІ орын - «Торпедо – 2012-2», Шығыс Қазақстан облысы.

Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!