ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 3-4 қарашада «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивальді өткізеді (бұдан әрі – Байқау).
Байқауға ұжымдар, солистер, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан шағын мекемелер қатысады.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, орындаушылық шеберліктің хореографиялық дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық ұжымдарды анықтау, жас таланттарды қолдау, біздің өлкеміздің халықтары өнерінің көпұлтты дәстүрлерін насихаттау.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді tvorchestvo@shygysdaryn.kz электронды пошта мекенжайына 2022 жылдың 15 қарашаға дейін жіберулеріңізді сұраймыз.