+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республика күніне арналған «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынының қорытындысы
22 Қаз, 15:57

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарын» дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы 2022 жылдың 21-22 қазан күндері Республика күніне арналған «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынын өткізді.

Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық санасын қалыптастыру.

Әскери-спорттық ойынға облыстың қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 6-7 сынып оқушылары қатысты.

Әскери-спорттық ойын келесі номинациялар бойынша өткізілді: саптық байқау; арқада жатып денені көтеру-жеке қатысу; орында тұрып секіру; газтұтқышты кию; белтемірге тартылу; АК-74-ті толық емес бөлшектеу және толық емес бөлшектеуден кейін құрастыру; арқан тарту.

Қатысушылар командаларын құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстың жетекші жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының оқытушыларынан құралған құзыретті қазылар алқасы бағалады. Әскери-спорттық ойында қатысушылар лайықты нәтиже көрсетіп, командалық рух пен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Марапаттау салтанаты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» ӨҚ 5518 әскери бөлімінің әскери оркестрінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.

ШҚО Білім басқармасы басшысының м.а. А.Ақылбек пен ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Қ.Қайырқанов қатысушыларға құттықтау сөз арнады.

Әскери-спорттық ойынның қорытындысы бойынша командалық есепте жүлделі орындарды төмендегі аудандар мен қалалар иеленді:

1 орын – Алтай ауданы, Алтай қаласындағы №8 орта мектебінің «Сұңқар» командасы;

2 орын – Риддер қаласындағы «Шаңырақ» көпсалалы мектеп –гимназиясының «Сұңқар» командасы;

3 орын – Өскемен қаласының № 29 мектеп-орталығы қосымша білім беру орталығының «Жас құтқарушылар» командасы.

Барлық жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Номинация бойынша марапаттарға ие болғандар:

- «Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясымен Тарбағатай ауданының командасы;

- «Команда бірлігі үшін» номинациясымен Глубокое ауданының командасы;

- «Үздік спорт көрсеткіші үшін» номинациясымен Өскемен қаласы №49 орта мектеп командасы.

Номинация бойынша команда мүшелері мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!