Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 21-22 қазан аралығында Республика күніне арналған «Алау» облыстық әскери-спорттық ойынын өткізеді.
«Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Ойынға облыстың қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 7 сынып оқушылары - командалар қатысады.
Команда құрамы - 7 қатысушы (5 ұл және 2 қыз) және 1 команда жетекшісі.
Ойын бағдарламасы номинациялардың келесі түрлерін қарастырады:
- «Саптық байқау»;
- «Арқада жатып денені көтеру-жеке қатысу»;
- «Орында тұрып секіру»;
- «Газтұтқышты кию»;
- «Белтемірге тартылу»;
- «АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру толық емес бөлшектеуден кейін»;
- «Арқан тарту».
Оқиғаларды жариялауға қызығушылық білдіретін БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз (бағдарлама қоса беріледі).
Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-15-16 хабарласуға болады, электрондық пошта: or-vpv@mail.ru.