ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсын өткізуді жоспарлауда екендігін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары мен кәсіптік-техникалық мектептер мен колледж студенттері қатыса алады.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: I кезең – қалалық (аудандық), II кезең – облыстық.
Конкурстың өткізілу ережесі ШҚ ӨҒПО«Дарын» сайтында (www.shygysdaryny.kz.) орналасқан.
Конкурсқа қатысу үшін аудандық (қалалық) білім бөлімдері бастықтарының, кәсіптік-техникалық мектептер мен колледж директорларының қолымен куәландырылған өтінім мен қатысушылардың жұмыстарын ағымдағы жылдың 23 қарашасына дейін жіберу қажет.
Өтінімнің түрі:
|
№ |
Қатысушының аты-тегі |
Қала (аудан) |
Мектеп |
Сынып |
Жас ерекшелік категориясы |
|
|
|
|
|
|
|