2022 жылғы 13 қазанда «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық байқауының облыстық кезеңі қашықтық форматта өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың өз тарихи шежірелерін зерттей отырып білуге және сақтауға тәрбиелелу; «Мен, Менің тегім, Менің отбасым, Менің халқым, Менің Отаным» призмасы арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін қалыптастыру; дарынды, жоғары ынталы және шығармашыл білім алушыларды анықтау және көтермелеу.
Байқауға дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің, Риддер қаласының, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Шемонаиха аудандарының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің 5-10 сынып оқушы - жеңімпаздары қатысты.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:
- Қатысушының отбасы/тегінің тарихы, шығу тегі туралы портфолио;
- Үй тапсырмасы «Менің ата-бабаларым – менің батырларым!»;
- Қатысушының шығармашылық презентациясы.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз және жүлдегер атанды:
Менцель Яна - Самар ауданы, №1 Самар орта мектеп; 6 сынып оқушысы І орынды иеленді;
Мұқтарханқызы Толғанай - Зайсан ауданы, Шекарашы орта мектебі, 7 сынып оқушысы - ІІ орын;
Джамалиева Саида - Риддер қаласы, №1 мектеп-лицейі, 6 сынып оқушысы - ІІ орын;
Ржавина Виктория - Глубокое ауданы, Белоусовка орта мектебі,7 сынып оқушысы - ІІІ орын.
Менцель Янаның жұмысы 2022 жылдың қараша айында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде ұсынылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!


