2022 жылғы 13 қазанда «Ең үздік медиатор мектебі» республикалық байқауының облыстық кезеңі қашықтық форматта өтті.
Байқаудың мақсаты - білім ордасында туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу, қалпына келтіруге негізделген медиация бағдарламаларының мүмкіндіктерін, оқушылар мен оқытушылардың назарына ұсыну; құқық, психология, коммуникативтік технологиялар саласындағы білімді насихаттау.
Байқауға Өскемен қаласының, Алтай, Глубокое, Зайсан, Күршім, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандарының мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің 8-11 сынып оқушы - жеңімпаздары қатысты.
Байқауға қатысушылар келесі бағыттар бойынша тапсырмаларды орындады:
- «Жанжал және оны шешу» тақырыбында суреттер конкурсы;
- Мектеп медиациясы қызметтерінің логотиптер конкурсы;
- Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагменттер конкурсы;
- «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:
І орын – Раджанұлы Санжар, Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі, 11 сынып оқушысы, Зайсан ауданы;
ІІ орын – Казкен Анеля, Асубұлақ орта мектебі, 8 сынып оқушысы, Ұлан ауданы;
ІІІ орын – Миленьких Станислав, Алтай қаласының № 7 орта мектебі, 11 сынып оқушысы, Алтай ауданы;
ІІІ орын - Есболқызы Елдана, Ю.А.Гагарин атындағы №1 күршім орта мектебі, 9 сынып оқушысы, Күршім ауданы.
Раджанұлы Санжардың жұмысы 2022 жылғы 25 қазанда өтетін байқаудың республикалық кезеңінде ұсынылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!


