+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты»
14 Қаз, 15:58

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы базасында өткен «Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты» атты жыл сайынғы семинар-тренингке Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары, оқу озаттары мен белсенділері қатысты.

Балалар «Мемлекеттік тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы» мен «Жасампаздық – бәсекеге қабілеттіліктің кепілі» атты дәрістерін тыңдай отырып, «Жаңа Қазақстан» ұлттық идеясы туралы білімдерін жетілдірді.

Семинар-тренингтің тәжірибелік бөлігі еліміздің үздік жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері мен ғылым кандидаттары жетекшілігімен кіші топтарда ұйымдастырылды. Оқушылар әлеуметтік жобалар жасап, командалық ойындар мен тренингтерге қатысты.

Қатысушылар семинар-тренингте Шығыс Қазақстан туралы бейнеролик ұсынып, үздік жобалық жұмысы үшін алғыс хатпен марапатталды.

Шараның мәдени-танымдық бағдарламасы аясында қатысушылар астананың көрікті жерлерін аралап, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайын тамашалады.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.