2012 жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыс мектептерінің 5-7 және 8-10 сыныптары арасында қолданбалы өнер туындылары саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында:
- тегіс заттарды әшекейлеу (декупаж, батик, мата, ағаш, шыны, т.б.);
- көлемді заттарды әшекейлеу;
- сәндік – тегіс заттарды жасау (панно, коллаж, т.б.);
- көлемді заттарды жасау (сәндік мүсіндер);
- қуыршақтар мен ойыншықтар;
- сувенирлер мен мерекелік сыйлықтар;
- мозаика;
- флористика (икебана, табиғи материалдардан) номинациялары бойынша «Сүйем сені, туған өлкем» атты облыстық байқауын өткізді.
Байқауға барлығы 148 жұмыс тіркеліп, қазылар алқасының шешімімен 26 жұмысқа жүлделі орындар берілді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталады.