Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 2022 жылдың 12 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің 96 жеңімпаз оқушысы қатысты.
Өңірлік кезеңде оқушылар математика, физика, биология және химия пәндерінен өз білімдерін көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша: І дәрежелі дипломмен - 10 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 17 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломмен - 20 оқушы марапатталды.
2022 жылдың 27 қазанында өтетін іріктеу кезеңіне ең жоғары ұпай жинаған 20 жеңімпаз бен жүлдегер қатысады.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!