Ағымдағы жылдың 7 қазанында Таулы Үлбідегі «Дарын» базасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Облыстың дарынды оқушыларын анықтау, дамыту, қолдау және қосымша білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру» облыстық семинарын өткізді.
Семинар жұмысына оқушылардың дарындылығын анықтау, дамыту, қолдау және қосымша білім беру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты үйлестіретін қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің әдіскерлері және дарынды балаларға арналған облыстық білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында сындарлы диалогты құру, тәжірибе және пікір алмасу үшін оңтайлы жағдайлар жасалды. Семинар форматына сәйкес екі секцияда жұмыс жасады: «Дарынды балалармен жұмыс» және «Қосымша білім беру».
«Дарын» орталығының әдіскерлері алдағы 2023 жылы өтетін конкурстар мен олимпиадаларды өткізу форматындағы өзгерістер туралы айтып, тыңдаушыларды қосымша білім беру ұйымдары жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды, облыстағы мектеп оқушыларының республикалық, халықаралық зияткерлік олимпиадалар, ғылыми конкурстар және шығармашылық байқауларға қатысу нәтижелерін қорытындылады.
Үздік нәтиже көрсеткен аудандардың үйлестірушілері мектеп оқушыларын түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар, оқушыларды қосымша біліммен және мектептен тыс жұмыстармен қамтуды арттыру бойынша ұсыныстар жасады.
Қатысушылар өзекті мәселелерді, сондай-ақ, дарынды балалармен одан әрі жұмыс істеу барысын талқылауға мүмкіндік алды. Семинар қатысушылары дарынды балалармен жүргізілетін жұмысқа кешенді және жүйелі сипат бере отырып, облыс оқушыларының дарындылығын анықтау және дамыту үшін жағдай жасау бойынша жұмысты біртіндеп, дәйекті түрде жалғастыру қажеттігін атады.
Семинарға қатысушылар үшін психологиялық тренинг, қолданбалы өнерден шеберлік-сыныбы, тимбилдинг ұйымдастырылды, әр қатысушы топпен бірігіп квест орындап, ұйымшылдық дағдыларын көрсетіп, көтеріңкі, көңілді күй алды.
Семинар соңында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Г.Б. Рахимжанова қатысушыларға бірлесіп атқарылған жұмыстарына алғысын білдіре отырып, облыстың үздік үйлестірушілерін 2021-2022 оқу жылында дарынды балалармен және қосымша білім беруде жасаған жұмысы үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Облыстық семинар нәтижесінде барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

