2022 жылғы 5-7 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Таулы Үлбі кентіндегі «Дарын» лагерінің базасында «Қауіпсіздік мектебі - 2022» облыстық жарысын өткізді.
Мақсаты өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелелеріне үйрету.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 15-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Жарыс бағдарламасы келесі сайыстардан тұрды: «Визит карточкасы»; «Өрт сөндіру эстафетасы»; «Кедергілер жолағы»; «Алғашқы медициналық көмек көрсету»; «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» спортландиясы; «Қабырға газеті»;«Всезнайка» сайыстары.
Облыстық турнир қорытындысы бойынша командалар келесі орындарға ие болды:
1 орын – «Арлан» командасы, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» Өскемен қ.;
2 орын – «Сұнқар» командасы, Алтай ауданы, «Алтай қаласының № 8 орта мектебі» КММ;
3 орын –«Максимум» командасы, Шемонаиха ауданы, « Н. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы» КММ.
Жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!