+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
04 Қаз, 16:52

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 03 қазанда  Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысты.

Байқауға 10-17 жас аралығындағы балалар көрсеткен 50-ге жуық шығармашылық жұмыстар ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша 10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - 10, 2 орын - 10, 3 орын - 12 оқушы (1 қосымша).

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары дипломдармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Үздік 10 жұмыс «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық кезеңіне қатысуға жіберіледі.

 

Жүлдегерлерді құттықтаймыз және шығармашылық жеңістер тілейміз!