|
Өтетін орны: «Дарын» лагері Таулі Үлбі
|
Өтетін күні және уақыты: 2022 жыл 5-7 қазан
|
«Қауіпсіздік мектебі - 2022» облыстық жасөспірімдер жарысы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту, сондай-ақ, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын игеру және жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Жарыс Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, 2022 жылдың 5-7 қазан аралығында «Дарын» орталығының базасы, Таулы Үлбі кентінде ұйымдастырылады.
Жарысқа ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің әскери-патриоттық спорт клубтарының командалары қатыса алады. Команда құрамы - 7 қатысушы (5 ұл және 2 қыз) және команда жетекшісі.
Бағдарлама конкурстардың, жарыстардың және тақырыптық іс-шаралардың келесі түрлерін қарастырады:
Жарыстың міндетті түрлері:
- «Іскерлік карта»;
- «Өрт сөндіру эстафетасы»;
- «Кедергілер жолағы»;
- «Алғашқы көмек көрсету»;
- «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» спортландиясы.
Балалардың бос уақытын қамтамасыз ету шеңберіндегі конкурстық бағдарлама:
- «Қабырға газеті» байқауы;
- «Бәрін білгіш» байқауы.
Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»,
тел.: 8/7232/70-15-16, e-mail:vk_daryn@mail.ru.