+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО дарынды оқушылары «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінде бірінші және екінші дәрежелі дипломдарды жеңіп алды
03 Қаз, 16:53

2022 жылғы 21-23 қыркүйекте қашықтық форматта «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті.

Слеттің мақсаты - балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.

Слетқа республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептерінің білім алушылары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының атынан слеттің облыстық кезеңнің 9 жеңімпаз білім алушылары қатысты.

«Туризм - спорт, денсаулық, демалыс» номинациясы бойынша «Туристік соқпақтар: отбасылық маршрутты әзірлеу» атты жұмысымен Дәулетбек Жанель, Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ, 8 сынып оқушысы  І дәрежелі дипломды жеңіп алды.

«Өшпес жұлдыздар» номинациясы бойынша «ҚР Тәуелсіздігіне арналған ШҚО ақындары мен композиторларының шығармашылығы» атты жұмысымен Шарифуллина Рамина Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ,  9 сынып оқушысы II дәрежелі диплом алды.

 

Республикалық слеттегі жеңісімен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауды тілейміз. Алға, жаңа жеңістерге!