Таулы Үлбіде орналасқан ШҚ ДпҚББДҒӘО «Дарын» орталығының базасында облыстың олимпиадалық резерв мүшелерінің оқу-жатттығу жиындары өтті.
Негізгі мақсаты – облыстың олимпиадалық резервін түрлі деңгейдегі олимпиадаларға сапалы дайындау, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету.
Сабақтарды өткізуге жаттықтырушы ретінде Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің ұстазы, биология пәнінен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындаған (IBO - 2021 ж., қола жүлдегер) Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы мен химия пәнінен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің түлегі, KAIST университетінің (Оңтүстік Корея) 3 курс студенті, химия пәнінен халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы (IJSO, Менделеев, А. Бектуров олимпиадасы) Көпенов Нұрлыхан шақырылды.
Оқушылар өздік жұмыстармен қатар топта тапсырмаларды талқылап, шешті. Ұстаздар олимпиадаларға тиімді дайындалу және түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысу стратегиялары бойынша тәжірибелерімен және кеңестерімен бөлісті.



