Жалпы білім беретін мектептердің 3-10 сынып оқушылары үшін логикадан өткізілетін «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсы 2012 жылдың 6 қарашасынан 15 қарашасына ауыстырылды.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ынталандыру, оқушылардың арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, дарынды балаларды айқындау және қолдау көрсету. Конкурсқа қатысу ерікті түрде, ақылы 300 теңге төменде көрсетілген есепшотқа жіберу керек:
Өскемен қаласы ҚМҚК ШҚ ӨҒПО «Дарын»,
СТН 181600062103
АТФ банкі, е/а KZ92826F0KZTD2000869
БИН 990840001922,
БИК ALMNKZKА, КБЕ 16
өтінімдерді 2012 жылдың 13 қарашасына дейін көрсетілген үлгі бойынша Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 орналасқан мекен-жайға жіберу қажет факс/тел 8/7232/ 55-21-12, 701-344.
|
Мектеп |
Оқу тілі, сыныптары бойынша қатысушылардың саны |
Жиыны |
|||||||
|
|
3-4 |
5-6 |
7-8 |
9-10 |
|
||||
|
қаз |
орыс |
қаз |
орыс |
қаз |
орыс |
қаз |
орыс |
||
Конкурстарды ұйымдастыру үшін аудандық (қалалық) мектептердің үйлестірушілері тағайындалады (өтінімде аты-жөні, байланыс телефондарын көрсету қажет). Үйлестіруші оқушылардың аты-жөні, сыныбы, оқу тілі көрсетілген тізімнің электрондық нұсқасын қоса тапсыру керек (Excel форматында).
Өтінімдерді Өскемен қаласы Қабанбай батыр көшесі 74 орналасқан мекен-жайға жіберу керек: тел/факс: 8/7232/ 55-21-12, 701-344.