2022 жылдың 28 қыркүйегінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай жазушының өмірімен әдеби шығармашылығын таныстыру және оқырмандар қызығушылығын арттыру мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің базасында 8-11 сынып оқушыларына «Мұхтар Әуезов-әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауы өткізілді.
8-11 сыныптарының 100 - ге жуық аудандық (қалалық) кезеңнің жүлдегерлері қатысты.
Байқауда дәуіріміздің көрнекті жазушысы М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы мен сіңірген еңбегі туралы материалдар қамтылды.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
«Мұхтар Әуезов-ғасыр перзенті» номинациясы барлық қатысушылар М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тестік тапсырмаларды орындады;
«XIX ғасырдың асқар белі Абай болса, XX ғасырдың заңғар биігі-М.Әуезов» қатысушылар шығармашылық-зерттеу жұмыстарын қорғап, М. Әуезовтің бас кітабы «Абай жолы» роман-эпопеясының мазмұны бойынша тапсырмалар орындады.
Конкурс қорытындысы бойынша 51 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын-12 оқушы, II орын-17 оқушы, III орын-22 оқушы).
Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО сертификаттары мен жазушының кітаптары табысталды.
Жеңімпаздар тізімі https://shygysdaryn.kz сайтында орналасқан.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
