2022 жылғы 20-25 қыркүйек аралығында Щучинск қаласында оқушылар арасында спорттық бағдарлаудан республикалық турнир өтті.
Жарыстың мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылардың жасы 2006-2011 жылы туғандар.
Турнир бағдарламасы: орташа қашықтық, ұзақ қашықтық, спринт және эстафета.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының атынан Өскемен қаласы мен Шемонаиха ауданынан 21 оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жалпы командалық есепте ШҚО командасы 1 орынды, қыздар арасында - 3 орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!




