Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты алғаш рет аймақтық деңгейде байқау өткізді.
Байқау жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізілді.
Талантты оқушыларға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Асқар Жакулин атындағы және Қабдеш Жұмаділов қорлары.
Байқауға Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының барлық аудандары мен қалаларының қатысуға қызығушылық танытқан дарынды оқушылары қатысты.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді:
1. «Тарих тудырған талант» номинациясы - Қабдеш Жұмаділовтің, тарих, мәдениет, елінің азаттығына, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты арнаған шығармашылығы жайлы эссе жазу.
2.«Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы» жазушының ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген шығармаларынан жатқа үзінді оқу номинациясы.
Сондай – ақ, жазушының ұлы, т.ғ.к., ҚБТУ қауымдастырылған профессоры, Жұмаділ Арман Қабдешұлы мен қатысушылар арасында кездесу ұйымдастырылып, әсерлі сұхбат жүргізілді. Сұхбат түрінде өрбіген кездесу барысында оқушылар жазушының шығармашылығынан, ғибратты өмірінен сұрақтар қойып, қойылған сұрақтар төңірегінде қызықты жауаптар алды.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің залында салтанатты түрде байқаудың жабылу рәсімі өтті. Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың екі номинациясының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 11; ІІ дәрежелі дипломмен - 15; ІІІ дәрежелі дипломмен - 19 оқушы марапатталды.
Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сертификаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар және сыйлықтар (Қ. Жұмаділовтің әдеби кітаптары) табысталды.
Жүлдегерлер тізімі сайтта орналасқан.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Сәттілік және алдағы жеңістер тілейміз!