Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Түркістан облысының Түркістан қаласында өткен «Патриотизм – терең білім мен еңбекқорлықтың негізгі бастауы» атты IV республикалық жас патриоттар форумына қатысты.
Форум оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, терең білім алуларын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Оқушылар сарайында өткен форумның салтанатты ашылуында «Жас патриоттар академиясының» 400 мүшесі, жетекшілер мен арнайы шақырылған құрметті қонақтар болды. Форумның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.
Форум аясында оқушылар көне Түркістан қаласының тарихи орындарын аралап, Орта Азиядағы ірі туристік «Керуен-сарай» кешенін тамашалады.