+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларымен өткен семинардың қорытындысы
21 Қыр, 19:52

 2022 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді  дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы», Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс департаментімен және Өскемен қаласының білім бөлімімен бірлесіп №24 орта мектепте бастауыш-әскери және технологиялық оқытушылармен алғашқы әскери  және азаматтық қорғаныс бойынша дайындық пәндерінен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізді.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі әскери-патриоттық жұмыстың сапасы мен деңгейін арттыру мәселесі қаралды. Бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар, интернет ресурстары арқылы жастарды патриоттық тәрбиелеуге және армиядағы қызметтің имиджін арттыруға бағытталған материалдар мен бейнесюжеттерді жариялауды арттыру.

Сабақ барысында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің және әскери қызметтің беделінің бірлескен жоспарын әзірлеу мәселесі талқыланды.