+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
14 Қыр, 17:38

2022 жылы 09 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының көрме-байқауы облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.

Көрме-байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Көрме-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінің 150 жеңімпазы қатысты.

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);

3) шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;

4) металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

6) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше.

8) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ланшафт және т.б.

Жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Жүлдегерлер тізімін  www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

Облыстық кезеңнің ең жоғары балл жинаған жеңімпаздары көрме-байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысын таныстырады.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!