+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың V облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізу туралы
09 Қыр, 10:31

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО) «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың V облыстық интеллектуалдық конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – туған ел тарихына қызығушылық танытқан талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, өскелең ұрпақ бойында қоғамдық белсенділікті және қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, сонымен қатар, өлкетану мен Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші отанына деген мақтанышын дамыту.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – аудандық (қалалық) (2022 жылдың 19 қыркүйегінде).

Екінші кезең – облыстық (2022 жылдың 15 қазанында).

Үшінші кезең – республикалық, ағымдағы жылдың 1 -3 қараша күндері өтеді.

Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушылары  аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздарықатыса алады. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын команданың сандық құрамы 8 қатысушы және 1 үйлестіруші.

Конкурс екі айналымда өтеді:

І айналым – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша онлайн тестілеу;

ІІ айналым – 4 номинация бойынша:

- «Менің кіші Отанымның тарихы» - командадан 2 оқушы;

- «Кішкентай Отанымның символы» - командадан 2 оқушы;

- «Менің кіші Отанымның болашағы» - командадан 2 оқушы;

- «Менің туған өлкем» (эссе) – командадан 2 оқушы.

Білім бөлімінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларымен бекітілген конкурсқа қатысу (Конкурс Ережесінде көрсетілген) туралы сұранысты  және 1-2 айналымының жұмыстарын 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін priеmnaya@shygysdaryn.kz.мекен-жайына жіберу керек.

Номинациясы

Қатысушының тегі, аты-жөні

 

Туған жылы

 

Сыныбы

 

Қатысушы

ның әлеуметтік жағдайы

Білім беру ұйымы

 

Үй мекен-жайы, байланыс телефоны

 

Қатысушыны дайындаған педагогтың тегі, аты-жөні (толық) байланыс телефоны

 

1.

«Менің кіші Отанымның символы» (бейне)

 

 

 

 

 

 

 

2.

«Менің кіші Отанымның тарихы» (бейне– репортаж)

 

 

 

 

 

 

 

3.

«Менің кіші Отанымның болашағы» (макет)

 

 

 

 

 

 

 

4

«Менің туған өлкем» (эссе)