+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың қашықтық республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу ережесі
06 Қыр, 17:51

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже қашықтықтан өткізілетін  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар облыстық қашықтық республикалық байқауының (ары қарай – Байқау)  мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

3. Міндеттері:

1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, зияткерлік бастамаларын белсендіру;

2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;

3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау;

4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру;

5) іс-шаралар арқылы қосымша білім алуға балалардың санын көбейтуге көмектесу.

4. Байқаудың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

2. Байқауды өткізу мерзімі

6. Байқау 2022 жылдың 3 қазанында ZOOM интернет-платформасында қашықтықтан өткізіледі.

7. Қалалар мен аудандардың білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған байқауға қатысуға өтінімдерді (№1 қосымшаға сәйкес)  е-mail-ге жіберу қажет: tvorchestvo@shygysdaryn.kz 2022 жылғы 27 қыркүйекке дейін.

8. Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:

1) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2) электронды нұсқадағы байқау жұмыстары (youtube.com каналында) 7 минуттық бейне презентацияға сілтеме, жобаға сілтеме, мәтінге сипаттама, (4 фотосурет).

3) байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әр номинацияда – 1 жұмыс).

9. Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар http://shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

10. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

2. Байқауға қатысушылар

11. Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының, облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Қатысушылардың жас санаты:  10-17 жас.

12. Топ жетекшісінің міндеттері:

- қолданылатын платформаны, техникалық құралдарды анықтауға командаға көмектеседі;

- кеңес береді, Байқауға дайындық бойынша жұмыс барысын бақылайды;

- команданы ұйымдастырушылардың алдында оның мүддесін білдіретін, сондай-ақ команда қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты және бақылайтын әкімшілік басқару;

- қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жіберу және өтінімді тапсыруды жүзеге асырады.

4. Байқауды өткізу тәртібі және шарты

Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.

13. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);

2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);

3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылықшендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);

4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);

5) су көлік саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.);

6) құрылыс облысындағы модельдер –  1 қатысушы (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);

7)жылу энергетикасы,электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар - 1 қатысушы (ядролық  энергетика  және  жылу  физикасы; альтернативті  және  көміртекті  емес  энергетика; энергия үнемдеуші   технологиялар;  отын ндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.);

8) авиация саласындағы модельдер - 1 қатысушы (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

9) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер – 1 қатысушы космос техникасын әзірлеу саласындағы  жобалар және модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника);

10) компьютерлік графика және 3D модельдеу – 1 қатысушы, компьютерлік графикада 3D модельдеуді құру, модельді 3D принтерде басып шығару (еркін тақырыпта).

Бұл модельдер ашық микроконтроллерде (ARDUINO. RASPBERRY PI. MICO: BIT және т. б.) орындалуы керек.

14. Жобаларды қорғау қашықтық форматта ZOOM 2022 жылғы 3 қазанда өткізіледі.

15. Бейне презентацияны қорғау уақытының ұзақтығы демонстрациялық материалдарды қолдана отырып 5-7 минут. БАРЛЫҚ НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАКЕТТЕРІН, МОДЕЛЬДЕРІН ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БОЛУЫ ӘРБІР ҚАТЫСУШЫ ҮШІН МІНДЕТТІ ШАРТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҰСЫНЫЛҒАН ОРНАЛАСУ ЖАРАМДЫ БОЛУЫ КЕРЕК. БІР ҚАТЫСУШЫ БІРЕУДЕН АРТЫҚ ЕМЕС ЖОБАНЫ ҰСЫНАДЫ.

16. Лего роботтарын пайдалануға тыйым салынады. Радиомен басқарылатын жүйелерді - Arduino, қашықтан басқару пульттерін пайдалануға рұқсат етіледі, модельдерді механикаландыру, электрлендіру қажет (ток кернеуі 42 ВТ-тан жоғары).

 17. Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.

Бағалау өлшемдері:

модельдің мақсатын және оған жету жолдарын тұжырымдамалау;

зерттеу мәселесінің өзектілігі, пайдалылығы;

инженерлік-техникалық шешімнің сапасы;

авторлық идея, шығармашылық қабілет;

модель бойынша жұмыс нәтижелері;

модельді одан әрі дамыту, оны қолдану;

тақырыпты меңгеру дәрежесі, оны ашу нақтылығы және айқындылығы, көрсету материалының сапасы;

ораторлық шеберлігі;

зерттеудің жаңашылдығы;

жұмыстың рәсімделуі.

5. Жеңімпаздарды марапаттау

18. Кәсіби қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды 10 балдық жүйе бойынша байқауды бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.

19. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

Сертификаттардың электронды нұсқалары автоматты түрде жүктеп алу мүмкіндігімен shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

Жеңімпаздарға дипломдарды Өскемен қаласы, Абай көшесі 21, 1-қабат, №101 кабинет мекенжайы бойынша алу қажет.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.

 

 

 

1  қосымша

 «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар облыстық қашықтық байқауына қатысуға  өтінім

Номинация

Жұмыстың аталуы

Youtube арнасына сілтеме

Қатысушының

Т.А.Ә.

Туған жылы, сыныбы

Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

Білім беру ұйымы

Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

өндіріс саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

әскери техника саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

су көлік саласындағы техникалық құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

құрылыс саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

 

жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

 

авиация саласындағы жобалар

 

 

 

 

 

 

 

космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер

 

 

 

 

 

 

 

компьютерлік графика және 3Dмодельдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі: ( Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны)

_________________________________________________ облысы

 

Білім бөлімі басшысы                                                                                                                         Т.А.Ә.

 

МО