2012 жылы 13 қарашада инновациялық технологияларды енгізіп жүрген педагогтардың, педагогикалық ұжымдардың жұмысын насихаттау және шығармашыл ұстаздардың өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау, дарынды балаларға білім беру мазмұнын жаңарту мақсатымен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңін өткізуді жоспарлауда.
Фестивальға 3 жылдан кем емес инновациялық қызметпен айналысатын мектепке дейінгі және жалпы орта білім, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, педагогикалық қызметкерлері; аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері қатыса алады.
Фестивальдің ережесі мен өткізілуі туралы ақпарат ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында берілген http://shygysdarynykz.
Фестиваль жұмыстарының қағаз, электрондық нұсқаларын және қатысу үшін өтінімді берілген үлгіде және қазақ, орыс тілдерінде жобаның аннотациясын, Фестивальдің материалдар жинағына жариялау үшін жобаның тезисін а.ж. 08 қарашасына дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына төмендегідей мекен-жайға жіберу керек: Өскемен қ., Қабанбай батыр көшесі 74, тел/факс 8/7232/ 552112.
|
Қатысушының аты, тегі |
Қала, аудан жұмыс орны |
Лауазымы |
Бағыты |
Қорғау түрі |
Қорғау үшін Қажетті техникалық құралдар түрі |
|
|
|
|
|
|
|
Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген жұмыстар қабылданбайды.