+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
31 Там, 18:02

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Қазақстандағы балалар жылы аясында акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр.

Акцияда бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Бұл акцияға «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры қосылды. «Елбасы Академиясы» ШҚО Білім басқармасының Qabilet жобасының базасында  балаларды қолдау орталықтарының оқушыларына кеңсе тауарларының жиынтығы салынған мектеп портфельдерін тарту етті.

Мектеп шағы - бұл көптеген жаңа нәрселерді үйрену, достар табу, жарқын әсерлер алу кезеңі. Балаларға алдағы жаңа оқу жылында жақсы бағалар, шығармашылық пен жаңалықтарға  толы сәттер тілейміз!