2022 жылдың 16-23 тамызы аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жастар арасында XI әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Словения және Үндістанның жас құтқарушылары қатысты.
Чемпионатта Қазақстан құрамасы сапында Өскемендік спортшы Дмитрий Коршак, Эльдар Авилов, Дмитрий Красовский бақ сынады. Олардың барлығы «№29 қосымша білім беретін мектеп-орталығы» КММ өрт сөндіру-құтқару спорты секциясының тәрбиеленушілері.
Қазақстан құрамасы командалық есепте 3-орынға ие болды.
Жекелей сында біздің жігіттер жауынгерлік өрістету және 4 х 100 метрге эстафеталық жүгіру кезеңдерінде күміс жүлдегер атанды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!


