І. Жалпы ережелер
1. Осы ереже жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін «Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
2. Байқаудың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (әрі қарай – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
3. Байқаудың негізгі мақсаты қазақ әдебиетін танытуға өз шығармалары арқылы үлес қосқан, Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің әдеби мұрасын насихаттау; 125 жылдық мерейтойын атап өту; М. Әуезовтің шығармашылық мұрасына жас буын оқырмандарының назарын аудару; жазушының өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру және оқырмандар қызығушылығын арттыру.
ІІ. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Байқаудың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және қажетті материалдарды қабылдайды;
- Байқаудың қазылар алқасының құрамын бекітеді;
- Байқаудың жұмыстарын бағалайтын критерийлерді анықтайды;
- талдайды және қорытындылайды.
Қазылар алқасы Байқаудың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды бағалауды критерийлер негізінде жүзеге асырады.
ІІІ. Байқаудың қатысушылары
5. Байқау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптары оқушыларының арасында өткізіледі.
Әр ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен байқауға қатысу квоталарға сәйкес жүзеге асырылады (қосымша).
6. Байқаудың жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
ІV. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
7. Байқау қазақ әдебиетінің тарланы, ғасыр перзенті, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын, тарихымызға сіңірген еңбегі жөніндегі материалдарды қамтиды.
8. Байқау 3 кезеңде өткізіледі:
- Бірінші кезең – білім беру мекемелерінде мектепішілік іріктеу.
- Екінші кезең – аудандық/қалалық (тамыз, 2022 жыл).
- Үшінші кезең – облыстық (қыркүйек, 2022 жыл).
Байқаудың үшінші кезеңіне екінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
9. Байқауға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2022 жылғы дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz.
Сұранысқа аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын оқушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі қоса тіркеледі.
Қатысушылар мен топ басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
10. Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 8 оқушы (8, 9, 10, 11 сынып оқушылары, қазақ және орыс тілдерінде) және 1 жетекші.
Команданың жеке құрамы бүкіл Байқау бойы өзгермейді.
V. Байқауды өткізу шарттары
11. Байқау екі номинация бойынша өткізіледі:
І. «Мұхтар Әуезов – ғасыр перзенті» номинациясы – барлық қатысушылар М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты тестік тапсырмалар орыс және қазақ тілдерінде әзірленеді.
Тапсырмалар тапсырма парағында орындалады. Қатысушы таңдап алған жауапты дөңгелекпен қоршауы қажет.
Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады
ІІ. «ХІХ ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі – Мұхтар Әуезов» номинациясы бойынша қатысушылар 2 топқа бөлінеді.
Бұл номинацияда қатысушы 30 ұпайға дейін жинай алады (30 сұрақтан). Тапсырманы орындау уақыты – 45 минут.
І топ – 8-9 сынып оқушылары, ІІ топ – 10-11 сынып оқушылары.
Әр топқа тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес сараланып беріледі.
1) І топ (8-9 сыныптар) үшін:
Қатысушылар М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған шығармашылық-зерттеу жұмыстарын қорғайды (еркін тақырыпта М. Әуезов өмірін зерттеп, үйден шығармашылық-зерттеу жұмысын алдын ала жазады).
М. Әуезов шығармашылығын зерттеушілерге ұсынылатын үлгі тақырыптары:
1. Бала Мұхтардан – дана Мұхтарға дейін;
2. Әуезов – тұңғыш абайтанушы;
3. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы;
4. Әуезов әлемі (әдеби қызметі);
5. Ұлы суреткер (М. Әуезовтің әңгімелері, повестері);
6. Қазақ драматургиясының тарланы (драмалық шығармалары);
7. Ұлт мақтанышының ұлылық үлгісі (ғылыми еңбектері мен очерктері және романдары).
Жас зерттеушілер жұмыстарын қазылар алқасы алдында қорғайды.
Регламент – 5-7 минут.
Қазылар алқасы қатысушылардың білімін келесі критерийлер арқылы бағалай алады:
- қатысушының зияткерлік және шығармашылық қабілеті (10 ұпай);
- М.О. Әуезовтің өміріне, шығармашылық жолына, тіліне, көркемдігіне баса назар аудара білуі (10 ұпай);
- ізденімпаздық қасиеті (10 ұпай);
- сөйлеу шеберлігі, баяндау тәсілі (10 ұпай);
- зерттеу жұмысының құндылығы (10 ұпай).
Ең жоғары бағалау – 50 ұпай
2) ІІ топ (10-11 сыныптар) үшін:
М. Әуезовтің бас кітабы - «Абай жолы» роман-эпопеясының толық мазмұнын білуі. Бас кітаптың кез-келген тарауынан алынған үзінді билет сұрақтарына алдын ала әзірленіп, беріледі. Қатысушы берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, әрі қарай мазмұнын жалғастырады.
Бұл номинацияда ІІ (10-11 сыныптар) топ қатысушыларының білімін қазылар алқасы келесі критерийлер арқылы бағалайды:
- М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеруі (10 ұпай);
- сөйлеу мәдениеті, тіл тазалығы (10 ұпай);
- Абай іліміне өз көзқарасын білдіре алуы (10 ұпай);
- оқушының логикалық деңгейі (10 ұпай);
- өз ойын еркін жеткізе білуі (10 ұпай).
Ең жоғары бағалау – 50 ұпай.
Регламент – 10 минут.
VІ. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау
12. Байқау қорытындысы бойынша команда қатысушылары жеке номинациялар бойынша дипломдармен марапатталады.
Байқаудың барлық қатысушыларына сертификат беріледі.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына қоғам қайраткерлері, облыстың ЖОО-ның оқытушылары кіреді.
VІІ. Қаржыландыру
13. Байқауды қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.
Қосымша
Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқаудың қатысу квотасы
|
№ р/н |
Аудан/қала/ДБА ОМББҰ |
Квота |
|
|
Өскемен қ. |
8 |
|
|
Риддер қ. |
8 |
|
|
Алтай ауданы |
8 |
|
|
Глубокое ауданы |
8 |
|
|
Зайсан ауданы |
8 |
|
|
Катонқарағай ауданы |
8 |
|
|
Самар ауданы |
8 |
|
|
Күршім ауданы |
8 |
|
|
Ұлан ауданы |
8 |
|
|
Тарбағатай ауданы |
8 |
|
|
Шемонаиха ауданы |
8 |
|
|
ОММФИ ДБА МЛ |
8 |
|
|
IT лицей |
8 |
|
|
Жамбыл ат. ДБАОММГИ |
8 |
|
|
ДБА ОММЛИ |
8 |
|
|
Өскемен қ. ДБА «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ОМЛ |
8 |
|
Барлығы: |
128 |
|