1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық мектебінің (бұдан әрі – Археологиялық мектеп) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдауды, өткізу мен қаржыландыруды және қатысу тәртібін белгілейді.
2. Ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарындылықпен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК (бұдан әрі- «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘӨ) болып табылады.
3. Археологиялық мектептің мақсаты – оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
4. Археологиялық мектептің міндеттері:
- қалыптан тыс шығармашылық ойлау қабілеті бар, ғылыми-зерттеу жұмыстарға бейімді дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми және жобалау ізденістерін әрі қарай дамыту және қолдау;
- Оқушылардың зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту. Оқушыларды археологиялық экспедиция жағдайында ежелгі тарих бойынша білімге баулу. Қазу әдістемесімен танысу, оқушылардың әртүрлі археологиялық материалдармен жұмыс істеу принциптерін меңгеру, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау негіздерімен танысу;
- Жалпы адамзаттың және туған өлкенің жалпы мәдени құндылықтарының бір бөлігі ретінде археологиялық мұраға деген қызығушылықты ояту. Оқушылардың далалық зерттеулерге тікелей қатысуы негізінде археологиялық ескерткіштерді тарихи ақпарат алу көзі ретінде кәсіби қабылдауды қалыптастыру;
- оқушылардың танымдық белсенділіктерін, оқыту-ғылыми және ізденіс-зерттеу әрекеттерін дамыту;
- Археологиялық қазындылар өтетін жерлерде ғалымдармен оқытушылармен, студенттермен және оқушылармен тікелей қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы жеке тұлғаға бағытталған оқыту жағдаяттарын құру.
- Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетін көпшілікке тарату.
Археологиялық мектепті өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Археологиялық мектеп қатысушылары
5. Археологиялық мектепке ШҚО жалпы білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары (14 жас және одан жоғары) қатыса алады.
3. Археологиялық мектепті ұйымдастыру және өткізу тәртібі
6. Археологиялық мектеп жылсайын өткізіледі.
7. Археологиялық мектепке қатысу (1 қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz.
Сұранысқа қоса тіркеледі:
Аудан/қалалардан келген қатысушылардың тізімі. Тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, оқыту тілі, оқушылар командасын алып жүруші ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы.
8. Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы: 3 қатысушы.
9.Топтың жетекшісі Археологиялық мектепке қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда және қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
10. Қатысушылардың киімдері ауа-райы жағдайларына сәйкес және қозғалысын шектемеуі тиіс: күрте, екі ұзын спорттық шалбар, жемпір, екі жұп жылы шұлық, екі жұп қолғап, іш киім, қосалқы іш киімдер. Екі жұп аяқ-киім. Аяқ киім спорттық немесе туристік болуы қажет (кроссовкалар немесе бәтеңке). Бас киім міндетті болып табылады (капюшон бас киім болып саналмайды).
11. Археологиялық мектеп бағдарламасы:
- қатысушыларды археологиялық ескерткіштердің әр түрімен таныстыру;
- қатысушылардың далалық зерттеулерді өткізуге қатысуы. Археологтармен бірге жұмыс;
- қатысушыларды қазынды материалдарымен таныстыру;
-қатысушылардың далалық күнделікті жүргізуі, фотосуретке түсіру, аудио және бейнежазба;
- баяндамалар, шеберлік-сыныптары, оқу-тәжірибелік сабақтар, қатысушылар үшін саяхаттар;
-Қатысушылардың Археологиялық мектепке қатысуы жөніндегі есебін, (командалық), фотосуреттер, аудио және бейне жазбаларды (командалық), далалық күнделіктерін (жекелей) ұсынуға арналған қорытынды конференция.
12. Археологиялық мектепті өткізу кезінде қатысушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және ілесіп жүрушілердің өкімдерін орындауға міндетті.
13. Археологиялық мектептің барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.
4. Қаржыландыру
14. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘӨжүзеге асырады.
Археологиялық мектепке қатысушылардың және олардың ғылыми жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жүріп өту) жіберуші жақ есебінен төленеді.
1 қосымша
Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық мектепке қатысуға тапсырыс
|
№ |
Қатысушының тегі, аты |
Аудан/қала
|
Білім беру ұйымы |
Қатысушының әлеуметтік статусы |
Сыныбы |
|
11 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |