2012 жылы 1 қарашада Жарма ауданында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Күндері аясында өткізілген «Өмір бойы білім алу» тақырыбында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы шығыармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдер және психологтармен ауданның дарынды оқушыларына арналған бірқатар шаралар өткізді.
Аудандағы білім басқармасы күні (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған интерактивтік лекциясындағы) «Өмір бойы оқыту, ендігі арада альтернатива емес, өзекті қажеттілік» ұранымен өткізілді.
«Дарын» орталығының өткізген шараларының мақсаты: облысымыздың аудандарындағы дарынды оқушыларын айқындау және дамыту үшін жағдай жасау.
Міндеттері:
1. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату және қорыту.
2. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу түрлері мен тәсілдерін жетілдіру арқылы білім сапасын жақсарту.
3. Аудандағы дарынды оқушыларды әртүрлі деңгейдегі интеллектуалдық жарыстар мен олимпиадаларға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
4. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдер мен психологтарға әдістемелік көмек көрсету.
4. Облысымыздың жоғары оқу орындарымен тығыз қызметтестік орнатуды жүзеге асыру.
Облысымыздың жетекші жоғары оқу орындарындағы ғалымдарының, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің жаратылыстану ғылымдары және экология факультетінің деканы, п.ғ.д. А.Б.Мырзағалиева (биология), С.Аманжолов атындағы химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. Д.А.Нұрғалиевалардың (химия) қатысуымен оқушылар мен мұғалімдерге арналған мастер-класс ұйымдастырылды. Пәндік зертханалар шығармашылық жұмыс жүргізетін облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің мұғалімдері Е.Ю.Потанина (математика), А.Л.Красавиналармен (физика) өткізілді.
Сабақтарды өткізу барысында қатысушылардың қызығушылықтарын тудырған оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша негізгі мәселелер, әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық есептерге талдаулар өткізілді. Тыңдаушылар үшін өткізілген шаралардың тәжірибелік бағыттылығы және осыған сәйкес үлкен сұранысқа ие екендігі ерекше атап өтілді. Оқушылар үшін биология, математика, химия, физика пәндері бойынша мини-олимпиада өткізілді, жеңімпаздарға грамоталар табыс етілді.
Білім басқармасының Күндері аясында Жарма ауданының психологтарына арналған «Дарынды баланың портреті» іскерлік ойыны өткізілді. Ұйымдастырылған диалогтың барысында дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың әртүрлі аспектілері (теориялық, дамыту тренингтерін өткізу – тәжірибелік) талқыланды.
Жалпы, барлық қатысушылар осындай шаралар жүйесі, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша жинақталған тәжірибелермен алмасуларды өткізіп тұруға тілектерін білдірді.