Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022-2023 оқу жылына жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы (ғылыми жарыс) (бұдан әрі – Конкурс) тақырыптарына тіркеу жүргізілетінін хабарлайды.
Конкурс мақсаты: оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту арқылы ғылыми-зерттеу, зияткерлік-шығармашылық және танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Ережеге сәйкес Конкурс тиісті секцияларды қамтитын 4 бағыт бойынша өткізіледі:
1 бағыт – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: «Физика»; «Техника»; «Жер және ғарыш туралы ғылым».
2 бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу», секциялар: «Математика»; «Қолданбалы математика»; «Экономика»; «Информатика».
3 бағыт – «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: «Химия»; «Биология»; «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы».
4 бағыт – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: «Тарих»; «Адам және қоғам»; «Өлкетану»; «Әдебиет»; «Этномәдениеттану»; «Тіл білімі».
Қалалар мен аудандар бойынша білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары (бұдан әрі – облыстық мектептер):
1) мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесімен 2022-2023 оқу жылына оқушылардың ғылыми жобаларының тақырыптарын бекіту;
2) оқушылардың ғылыми жобалар тақырыптарын тіркеуге аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшылары, облыстық мектептердің директорлары бекіткен электронды және сканерленген нұсқа түрінде өтінім беру;
3) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 формаларға сәйкес толтырылған барлық құжаттарды 2022 жылдың 8 қыркүйегіне дейін (есеп беру түрі қоса берілген) priemnaya@shygysdaryn.kz электронды поштасына жіберу қажет.
Сандық деректері берілген формаға сәйкес орындалмаған тіркеуге ұсынылған ғылыми жобалардың тақырыбы қарастырылмайды.