ШҚО-да «Қазақстан оқушысы-2022» 52-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысы басталды.
Байқауды ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы, ШҚО әкімдігі мен ШҚО білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан велосипед спорты федерациясы» РҚБ ұйымдастырып отыр.
Велосипед жарысына Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан 100 спортшы қатысады.
Веложарыс жер бедеріне және қатысушылар орындайтын тапсырмаларға байланысты күрделілік деңгейі әртүрлі сегіз кезеңнен тұратын болады.
Веложарыстың салтанатты жабылуы мен қорытындысы 7 тамызда өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!






