+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Еl Umiti-2022» жазғы лагері
01 Там, 12:24

2022 жылғы 1-5 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының 4 оқушысы Ақмола облысының Бурабай кентінде «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Еl Umiti-2022» жазғы лагеріне қатысуда.

«El Umiti – 2022» жазғы лагері 12 жастан 18 жасқа дейін балалар мен жастарға арналған және әлеуметтік дағдыларға оқыту бағдарламасын қамтиды: сыни және стратегиялық ойлау, көшбасшылық, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект және т. б.

5 күн бойы балалар түрлі мастер-класстарға, тренингтерге және дебаттарға қатысады, шығармашылық кештерде өз таланттарын көрсетеді, сондай-ақ олар үшін тауға саяхат және экскурсия ұйымдастырылады.