ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы, «Қазақстан велосипед спорт федерациясы» РҚБ, ШҚО әкімдігі, ШҚО білім басқармасы 2022 жылғы 31 шілде мен 8 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының шекарасында 52-ші «Қазақстан оқушысы-2022» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысын өткізеді.
Веложарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 100 спортшы қатысады.
Мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылар арасында велоспортты насихаттау;
- еліміздің құрама команда резервін қалыптастыру үшін дарынды велошабандоздарды анықтау;
- Қазақстан Республикасының аймақтарында спорттың даму деңгейін анықтау.
А.ж. 31 шілдесінде сағат 16.00-де «Нұрлы жол» саябағында жарыстың салтанатты ашылуы өтеді.
Жабылу салтанаты а.ж. 7 тамызында сағат 16.00-де «Нұрлы жол» саябағында өтеді.
Жастар арасында спортты дамытуға арналған іс-шараларды жариялауға мүдделі БАҚ өкілдерін шақырамыз.
Байланыс телефоны: 8 777 984 26 46 (Қуаныш).