2012 жылдың 31 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы математика, физика, химия, биология пәндері бойынша оқушылардың V Президенттік олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Шараның өткізілу мақсаты - оқушылардың арасында ғылыми білімді насихаттау және ғылыми қызметке қызығушылығын арттыру, дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, Қазақстан Республикасының білім беру әлеуетін көтеру және оқушыларды халықаралық олимпиадаларға дайындау.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын білікті қазылар бағалады, оның ішінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 26 оқушы Президенттік олимпиаданың қашықтықтан өткізілетін айналымына қатысатын болады.