+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы ХІІ Республикалық чемпионатқа қатысу қорытындысы
18 Шіл, 14:57
2022 жылдың 11 мен 16 шілдесі аралығында Шымкент қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жастар арасында ХІІ Республикалық чемпионаты өтті.
Еліміздің барлық аймақтарынан жас өрт сөндірушілерден құралған 17 команда ең күрделі кезеңдер: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағы, өрт эстафетасы және жауынгерлік өрістету бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Қиын күрестің нәтижесінде ШҚО құрамасы кезеңдерде жекелей сында 2 жалпы командалық орын мен 4 жүлделі орынға ие болып, спорттың бұл түрінен көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Жігіттерді және олардың бапкерлерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!