+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстандықтар Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жүлдегерлері
08 Шіл, 15:24

2022 жылғы 30 маусым мен 8 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары онлайн режимде математика, физика, химия және информатикадан оқушылардың ХХІХ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасына қатысты.

«Туймаада» олимпиадасы дәстүрлі және беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Биыл зияткерлік турнирге әлемнің 7 елінен оқушылар қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Химия» пәні бойынша күміс медальді Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат жеңіп алды.

Информатикадан қола медальді Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Мұхаметкәрім Қаныш иеленді.

«Ерекше жетістігі үшін» грамотасымен Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Оралханов Дінмұхамед марапатталды.

Жеңімпаздарды және ата-аналары мен тәлімгерлерін жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!