+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
"World Robot Olympiad" робототехника олимпиадасының қорытындысы
01 Шіл, 17:47

2022 жылғы 27 маусым мен 1 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының 7-9 сынып оқушылары World Robot Olympiad аясында өткен робототехника бойынша республикалық чемпионатына қатысты. Олимпиада Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті.

«Менің роботым – менің досым» атауымен өткен ұлттық олимпиадада жас робототехниктер төрт санат бойынша бақ сынасты: Future Engineers, RoboMission, Future Innovators және RoboSports.

Командалық есепте Future Innovators Junior санатында Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің оқушылары Рахметуллин Әлімжан мен Луговской Дмитрий III орынға ие болды.

Жеңіспен құттықтап, табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!