+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында волейболдан республикалық Ұлттық спорт лигасына қатысу қорытындысы
22 Мау, 18:17

2022 жылғы 8-12 маусымда Орал қаласы, Орал жоғарғы аграрлық-техникалық колледжінің базасында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында волейболдан Ұлттық спорт лигасының республикалық жарысы өтті.

Жарыстың мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, үздік студеттік командаларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының атынан ұлдар командасы – «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» КММ студенттері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Аблайханов Ислам Үздік шабуылшы номинациясына ие болды.

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің ұлдар командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді.

 

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!