2012 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның Ресеймен білім және мәдениет бірлестігі шеңберінде тіл білімі саласында дарынды балаларды анықтау мақсатында Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы «Русский медвежонок-тілтану барлығы үшін» атты халықаралық конкурсын өткізеді.
Конкурс жас ерекшеліктеріне байланысты: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 сыныптар арасында бес топ бойынша өтеді. Әр топқа өз нұсқасы бойынша орыс тілі мен лингвистикадан тапсырмалар (2-3 сыныптарға 26, ал қалған сыныптарға 30 сұрақтан) келеді. Тапсырманы орындауға 1 сағат 15 минут уақыт беріледі. Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарғa дипломдар беріледі. Конкурсқа қатысу ерікті түрде ақылы (500 теңге). Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық, қалалық, облыстық білім беру мекемелерінен жауапты үйлестіруші бекітілуі қажет.
Қатысуға тапсырыстар қағаз және электронды түрде көрсетілген нұсқау бойынша (EXCEL форматында) төленген ақының түбіртегімен қоса ағымдағы жылдың
6 қарашасына дейін Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында қабылданады. Тел\факс 8\7232\700609, электрондық адрес: vk_daryn@mail.ru.
|
№ |
Қала/ аудан |
Барлық қатысушылар саны |
Мектеп |
Сыныптар бойынша қатысушылар саны |
||||
|
|
|
|
|
2-3 |
4-5 |
6-7 |
8-9 |
10-11 |
Ескерту: конкурсқа тапсырыс көрсетілген мерзімнен кейін қабылданбайды.
Реквизиты:«Русский медвежонок»
РГКП РНПЦ «Дарын»
РНН 600900131236
ИИК KZ 566010111000021443
БИК HSBKKZKX
«Народный банк Казахстана» г.Астана
КБЕ 16
КНП 861