+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ» - «ВМЕСТЕ К ПОБЕДАМ» V паралимпиада жарысына Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысу қорытындысы
21 Мау, 14:29

2022 жылғы 16-17 маусым аралығында Қонаев қаласында «Балдәурен-Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығының базасында Қазақстан өңірлерінен ерекше қажеттіліктері бар балаларға спорттың 6 түрі бойынша жарыстар өтті: волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг, жүзу және параби.

Жарыстың мақсаты - бейімделген дене шынықтыруды танымал ету және дамыту, инклюзивті білім беру саласында жаңа коммуникативтік шешімдерді дамыту.

Шығыс Қазақстан облысының командасынан 14-19 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 11 білім алушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңіске ие болды:

I орын Махмудов НұрсұлтанСемей қаласы «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ 9 сынып оқушысы, спорт түрі «Тоғызқұмалақ»;

II орын Колесников Георгий, Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» 10 сынып оқушысы, спорт түрі «Жүзу».

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!