2022 жылдың 13-20 маусымы аралығында Шымкент қаласында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының республикалық жарысы өтті (7-8 сыныптар).
Жарыстың мақсаты - дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының атынан ұлдар командасынан Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ оқушылары, қыздар командасынан Көкпекті ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Самар орта мектебі» КММ оқушылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО қыздар командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!