2022 жылдың 11 мен 15 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық қашықтық жарыстарына қатысты.
Жарыстардың мақсаты - балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Республикалық жарыстардың қорытындысы бойынша облысымыздың қоржынында:
І орын - Какоткин Егор, Өскемен қ. «Жас техниктер станциясы»;
ІІ орын - Быстряков Матвей, Өскемен қ. «Жас техниктер станциясы»;
ІІ орын - Асыл Есен, Зайсан ауданындағы «Шығармашылық орталығы»;
ІІІ орын - Марц Даниил, Семей қ. «Балалар мен жастар шығармашылық сарайы».
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, барлығына сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!