2022 жылдың 7-9 маусымы аралығында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында қашықтықтан (номинациялар онлайн-платформада) «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтті.
Форумға республиканың мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының және жалпы білім беретін мектептерінің білім алушылары қатысты. Облыс намысын облыстық, аудандық және мектеп форумдарының 10 жеңімпаз оқушысы қорғады.
Форум қорытындысы бойынша:
«Экотеатр» номинациясы бойынша І орынға ие болғандар:
- Сепбаева Томирис, Зайсан ауданы, «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ, 9 сынып оқушысы;
- Әніғанбек Еламан, Зайсан ауданы, «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ, 7 сынып оқушысы;
- Манат Жансая, Зайсан ауданы, «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ, 7 сынып оқушысы;
- Серікбол Айжарық, Зайсан ауданы, «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ, 8 сынып оқушысы;
«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша ІІ орынды Көкпекті ауданы, «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ, 10 сынып оқушысы Адамов Айкын жеңіп алды.
Республикалық форумның барлық қатысушыларын, ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!Сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейміз!