+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Облыс қалаларындағы және аудандарындағы дарынды оқушыларды айқындау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген облыстық оқу семинарының қорытындысы
22 Қаз, 12:22

2012 жылдың 19 қазанда Шығыс Қазақстан облысыныңбілім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкесөңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы «Облыс қалаларындағы және аудандарындағы дарынды оқушыларды айқындау, дамыту және қолдау үшін жағдай жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбындаоблыстық оқу семинарын өткізді.

Облыстық оқу семинарына (қалалық) аудандық білім бөлімдерінен дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бекітілген және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден әдіскерлер, жалпы білім беретін мектептердің директорларының орынбасарлары, мұғалімдер, барлығы 30 білім қызметкерлері қатысты.

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының директоры, Ж.Ж.Айтпаеваның және орталықтың қызметкерлерінің сөйлеген сөздерінде облысымыздағы қалалар және аудандардағы дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудағы маңызды аспектілері қаралып, өте маңызды шараларды жоспарлау мен өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді (оқушылардың президенттік олимпиадасы, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың олимпиадасы, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жарыстары және т.б.), кейбіреулерінің өткізілуіндегі жаңалықтары туралы айтылды. Өткізілген жұмыстардың сапасын жоғарылату мақсатында мониторингтік жұмыстарды жүзеге асыру қажеттілігіне назар аударылды. Семинарға қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында нормативтік құжаттар пакеті таратылды.

Семинардың қорытындысын талқылау кезінде қатысушылар шараның өзектілігін, мазмұндылығын атап өтті, дарынды балармен жұмыс жүргізу саласындағы жинақталған педагогикалық тәжірибе алмасу бойынша жұмысты жалғастырудағы семинарлар келешекте де өткізіліп тұрсын деген тілектерін ұйымдастырушыларға жеткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды, былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары жетістіктерге жеткен шығармашыл мұғалімдер мен әдіскерлерге грамоталар тапсырылды.