2022 жылы 6-10 маусым аралығында Алматы қаласында 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, бастауыш сынып оқушыларының математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Жыл сайынғы турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 110-нан астам бастауыш сынып оқушылары қатысты. ШҚО командасының намысын 6 оқушы қорғады.
2-4 сынып оқушылары үш күн бойы мықтылар атағы үшін білім сайысына түсті. Турнир үш кезеңнен тұрды: «Әу баста!» және «Асық»командалық сынақ форматында ұйымдастырылды, сондай-ақ «Математикалық бәйге», онда қатысушылардың жеке сынақтарының нәтижелері қаралды
Командалық есепте Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің командасы республика бойынша ең үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлдені жеңіп алды.
Математикалық турнирдің қорытындысы бойынша жеке біріншілікте І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Дружинин Алексей;
- Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Козлов Тимофей.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласының №46 орта мектебінің оқушысы Дарханұлы Ханкерей;
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Землянухин Давид;
- Өскемен қаласының №46 орта мектебінің оқушысы Дастан Ислана.
Турнир қатысушыларын, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!