2022 жылдың 6-8 маусымында облысымыздың дарынды оқушылары «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық ғылыми конкурсына қатысты.
Сайыс 6 бағытта: Robotics Computer, Programming Computer, Art Hardware, Control Systems, Short Movie, Mathematics Project бойынша өтіп, оған елімізден жəне өзге елдерден 365 жас өнертапқыш қатысты.
Оқушылардың жұмыстарын құрамында Google, Facebook сияқты ірі компанияларда жұмыс істейтін мамандар бағалады.
Халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушылары Самиғолда Ақжал, Толыбаев Теміржан, Мәутбек Сабыржан марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9-сынып оқушылары Көрпеш Дияс, Смайылұлы Досымжан марапатталды.
Халықаралық сайыстардың жүлдегерлерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерін құттықтаймыз!


