2022 жылғы 1-8 маусымда Өскемен қаласында Ұлттық мектеп лигасы аясында баскетболдан «Алтын доп» республикалық жарысы өтті (7-8 сыныптар).
Жарыстың мақсаты-дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысы атынан ұлдар командасы - Өскемен қаласының «№37 орта көпсалалы мектеп» КММ оқушылары, қыздар командасы - Өскемен қаласының «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ШҚО ұлдар командасы ІІІ орынды иеленді.
ШҚО үздік ойыншылары болып Иванов Илья мен Гаврилова Таисия танылды.
Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!